Алматы қаласы Білім басқармасының
«№183 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 386-72-15
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-72-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Директорлық сенбі - ата-ана үні" онлайн кездесу
13
ақпан
2021

"Директорлық сенбі - ата-ана үні" онлайн кездесу

    

«Директорлық сенбі - ата-ана үні» онлайн кездесу

                 Қазақстан Республиксының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасы әрбір білім беру ұйымдарына «Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн – кездесулерін өткізуі туралы шешім қабылдаған болатын. Кездесудің мақсаты- қашықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу , құқық бұзушылық пен суицидтік мінез – құлықтың алдын алу, сондай – ақ «мектеп – бала - ата- ана» қарым – қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық – педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата – аналарға пәрменді көмек көрсету. 

         Осы шараны жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 13 ақпанында  №183 жалпы білім беретін мектепте  «Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн кездесуі ұйымдастырылды. Ата – аналарға арналған онлайн – сұхбатқа – директор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, мектеп психологі, әлеуметтік педагог және пән мұғалімдері қатысты. Онлайн-кездесуде мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері оқушылардың сабаққа қатысуы, үлгерімі және оқушы тәртібіне байланысты өз ойларын айтты.Ал ата-аналар белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстарын және алғыстарын жеткізді. Жиналыс өз дәрежесінде өтті.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: